Облыс әкімдігінде елге еңбегі сіңген азаматтарды Батыс Қазақстан облысының «Құрмет грамотасымен» марапаттау шарасы өтті.
Ел ішінде беделге ие, еңбегімен көптің көңілінен шықан жандарды марапаттауға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.
–Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әр сөзінде еңбек адамы ерекше құрметке ие болу керек екенін айтады. Мемлекет басшысы өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде бәсекеге қабілетті болуы керек», - деді.
Баршаңызды өткен Тәуелсіздік күні және келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін құрметке ие болған әр адам өңірдің, ресубликаның дамуына үлесін қосты. Сіздердің еткен еңбегіңіз жастарға үлгі. Осы бағыттан таймай, ел үшін еңбек ете беріңіз, - деді өңір басшысы.
Одан соң Нариман Төреғалиұлы бір топ жерлесімізді облыстағы ең сыйлы атақ «Батыс Қазақстан облысының құрмет грамотасымен» марапаттады.
Олардың ішінде өнер, құқық қорғау, ақпарат, білім, мемлекеттік қызмет, ветеринария, төтенше жағдай, денсаулық сақтау саласында жемсісте еңбек еткендер болды.
Сонымен қатар бір топ спорт саласының қызметкерлеріне алғысхат, «Құрметті спорт қызметкері», «Еңбек ардагері» медалі және «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.
Түгелбай Бисен,
Фотоға түсірген: Диас Закбаев
zhaikpress.kz