15.03.2022, 15:30
Оқылды: 44

Вирусолог коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

COVID-19 жұқтыру маусымға дейін төмендейді, содан кейін коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Гамалея орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Альтштейн мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап. 

IMG-20220315-WA0036

Альтштейннің сөзінше, бүкіл әлемде COVID-19 жұқтыру біртіндеп төмендей бастады. Ол қазір коронавирустың жағдайы екі жыл бұрынғы жағдайдан мүлдем өзгеше, сондықтан көп ұзамай індет "өз механизмдерімен" кетеді деп санайды.

"Бізде (Ресейде. - автор.) екпе алғандар көп. Адамдардың 50 пайыздан астамы вакциналанған. Ауырып шыққандар көп. Жалпы, індет аяқталады. Менің ойымша, маусымға қарай көрсеткіштер өте төмен болады", - деді Анатолий Альтштейн.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале