1.03.2022, 16:10
Оқылды: 39

Халқымыздың амандығын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын – Тоқаев

 Бұл туралы Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өткен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXII Съезі кезінде айтты.

AhrPVOMlAUKwMpCJVNQcIXxjGFlYG9fap6RWB2HU
Мен үшін ең басты құндылық – Қазақстанның тәуелсіздігі. Мемлекет басшысы ретінде еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Жауапкершілік жүгі қаншалықты ауыр болса да, одан еш қаймықпаймын, - деп айтты Президент.

Сондай-ақ Тоқаев бүгін партияның бағыт-бағдары айқындалғанына тоқталды.

Енді білек-сыбана жұмыс істеуіміз керек. Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр. Партия атына заты сай болуы тиіс. Ел бірлігін арттырып, жаңа Қазақстанды құру бәрімізге ортақ міндет. Осы міндетті абыроймен атқарсақ, болашағымыз да баянды болмақ. Партияның әрбір мүшесі бұл жауапкершілікті терең сезініп, аянбай еңбек етеді деп сенемін. Берекесі басы бірлік екенін әрдайым есте сақтайық. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш

baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале