Оралда өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» арқылы таңдап алынған екі жоба жүзеге асты.
Оның алғашқысы – «Хай-Тек» тіс емханасы маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары. Ал екіншісі – Жайық жағалауына орындықтар мен әткеншектер орнату. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметін хабарлады.
Мұндай бағдарламалардың ерекшелігі – тұрғындар қала өміріне белсенді қатысып, бюджет қаржысына қаланы жақсартуға қатысты үздік идеяларды іске асыруды ұсынады.
2023 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасына ұсыныстарды қабылдау үшін биыл хабарлама жарияланған болатын.
Қала тұрғындары тарапынан 41 жоба келіп түскен. Соның ішінде көп дауыс жинаған 9 жобалық ұсыныс іске асырылуға жіберілген.
zhaikpress.kz