Марокко мен Алжир шекарасында сұмдық жағдай болды. Адасып кеткен туристерді шекарашылар атып тастаған. Daily Beast мәліметінше, төрт турист Марокко жағажайында гидрацикл теуіп жүрген. Олар байқаусызда шекарадан асып кеткенде олардың екеуін Алжирдің жағалау күзеті атып тастаған. Тағы бір демалушы тұтқындалып, енді бірі аман-есен құтылған. Осыған байланысты халықаралық дау туайын деп тұр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Бұл оқиғада екі ел азаматтығы (Марокко мен Франция) бар екі турист Билал Кисси мен Абделали Мешуэр көз жұмды. Олар Марокконың солтүстік-шығысындағы Саидия курортынан жаңылыс бағытта кеткенде оқ астында қалған. Төрт адам болып шыққан топтағы Франция азаматтығы бар тағы бір Марокко тумасы Смаил Снабені Алжирдің жағалау күзеті тұтқындаған. Тек төртінші адам Мохамед Кисси аман оралып, болған жайды баяндаған.
"Біз адасып кеттік, бірақ жүре беріп, Алжирге кіріп кетіппіз. Бірақ оны өзіміз де білмедік, бізге алжирлік қара қайық жақындады да бізді ата бастады", - дейді ол.
tengritravel.kz