Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар туристік бағыт ретінде елдің тартымдылығын арттыра отырып, халықаралық деңгейде жоғары бағалануда. Бұл туралы Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді.

- Осының аясында туристік өнімдердің географиясы мен түрлері айтарлықтай кеңейді. Бүгінде ТМД, Еуропа және Азияның 18 ірі онлайн-платформасында Қазақстан бойынша 1100-ден астам тур ұсынылуда. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе өсім. Биыл өңірлерге басымдық бере отырып, турлар санын одан ары арттыру міндеті қойылып отыр, — деді Талғат Ғазизов.
Қазақстанның имиджін шетелде ілгерілету бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді:
Euronews Travel, Amazon Prime Video, Бірінші арна және Францияның M6 телеарнасында көрсетіліп, негізгі нысаналы нарықтарды қамтуды қамтамасыз етті;
Қазақстанның Қытайдың әлеуметтік желілеріндегі – Weibo, WeChat, Rednote платформаларындағы және әлемдік жетекші цифрлық алаңдардағы қатысуы тұрақты түрде дамып келеді;
Өткен жылы 12 елден келген 115 журналист, блогер және туроператордың қатысуымен 16 инфотур ұйымдастырылды.
Осы жылға арналған жоспарлар:
Мәдени, этномәдени, спорттық, экологиялық және гастрономиялық бағыттағы іс-шараларды қамтитын бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі қалыптастырылды;
Барлық аймақтарды қамтитын 55 негізгі іс-шара таңдап алынды.
2026 жылы Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс сияқты және тағыда басқа әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ірі концерттік іс-шаралар өткізу жоспарлануда;
фестиваль туризмін жобалау және ілгерілету бойынша арнайы штаб құрылды;
Азия мен Таяу Шығыстағы мақсатты қалаларда, сондай-ақ Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапурда 10 роуд-шоу өткізуді жоспарланған.