21.05.2020, 13:05
Оқылды: 68

ХҚКО-дағы кезекті алдын ала брондау керек

Облыс орталығындағы 4 шағын аудан, 28-үй мекенжайындағы «Ural Car City» ғимаратында орналасқан халыққа қызмет көрсету бойынша Орал қалалық №1 бөлімінің жұмысы жаңа форматқа көшті.

A193A371-B9DE-46E4-A4C6-BC300D50B1F1

Енді азаматтар ол жерден мемлекеттік қызмет алу үшін кезегін алдын ала брондауы керек. Бұл шара облыс  әкімдігі жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен 4-мамырдан бастап қолға алынды. Басты мақсат қауіпті дерттің таралу қаупінің алдын алу, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып отыр. Сағат  09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтін бөлімшеде 120-дан астам қызметкер бар.

Бұл туралы «AQJAIYQ» телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ БҚО бойынша филиал директорының орынбасары Жанна Батарғалиева баян етті. Спикер айтып өткендей, енді азаматтарға ХҚО-ларда электронды форматта қолжетімсіз, тек қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесі беріледі. Алдын ала кезекке жазылу электрондық үкімет порталы, Egov mobile мобильді қосымшасы, Telegram – EgovKzBot 2.0 мессенджері және Egovmobile арқылы жүргізіледі. Зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы шарт. Бүгінде азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын үйінде отырып ала алады. Сонымен бірге әкімдіктер жанындағы кеңселерден, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және басқа жерлерде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету секторларынан алуға болады.

Брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ БҚО бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Орал қалалық №1 бөлімінің басшысы Светлана Құсаинова айтып өткендей, онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласып, ХҚКО операторларынан кеңес ала алады. Мәлім болғандай, карантин жарияланғалы бері батысқазақстандықтарға фронт офисте мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Дайын 5 мыңнан астам құжат берілген болса, соның  2 мыңнан астамы жеке куәліктер мен ҚР төлқұжаттары екен.

Спикерлердің сөзінше, аталған өзгерістер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы ХҚО-ларға енгізілген. Ал аудан орталықтары мен ауылдық жерлердегі ХҚО-лардың жұмысында өзгеріс жоқ.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале