26.10.2023, 9:45
Оқылды: 41

ХҚО-ларда емтиханды мемлекеттік корпорация қызметкерлері қабылдайды

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлік жүргізу куәлігін

алу үшін тапсыратын емтиханның жаңа ережесі енгізілді. Енді емтихан қабылдаудағы ұйымдастырушылық-технологиялық процестерін Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұрын мұны аутсорсингтік компаниялар жасайтын еді.

JP Цон

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік корпорация 16 қазаннан бастап жол қозғалысы ережесінің жаңа 3.0 жүйесіне көшті. Яғни жүргізуші куәлігін алушылар тестті жаңа жүйе арқылы тапсырады.

Емтиханды тапсыру кезінде тестілеу барысын аудио және бейнежазбаға түсіріледі. Биометриялық жеке сәйкестендіру де жүргізуші куәлігін алуға емтихан қабылдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар Мемлекеттік корпорация бұған дейін емтихан қабылдау бөлмелеріне бейнебақылау енгізген болатын. Бұл ретте кез келген адам күту залында да, онлайн режимде де өтіп жатқан емтиханды көре алады.

Көмекші құралдарды пайдаланып, ұсталған клиенттер үш айға емтихан тапсыру құқығынан айырылады.

Естеріңізге сала кетсек, емтиханнан өтпеген жағдайда келесі жұмыс күні теорияны қайта тапсыруға болады.

Егер сынақты екі рет теріс нәтижемен тапсырса, клиент бір айдан кем емес мерзімде қайта тест тапсыра алады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале