Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтардың 99,7 пайызы тұрғын үй жағдайын жақсартуға ниетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
«Биылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы үшін орындалған өтініштерінің саны 721,7 млрд. теңге сомасына 138,9 мың болды. Азаматтар алған жинақтарының 99,7 пайызын тұрғын үй мәселесін шешуге бағыттауға ниеттеніп отыр», - деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған Ерболат Досаев.
Оның атап өтуінше, 402 азаматтың 936,3 млн. теңге сомасына зейнетақы жинағы 4 басқарушы компанияға сенімгерлікпен басқаруға берілді.
«Өңірлер бойынша Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне зейнетақы жинағының бір бөлігін алудың барлық көлемінің 62,5 пайызы тиесілі», - деді ҰБ төрағасы.
zhaikpress.kz
Суреттің дереккөзі: inform.kz