Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтардың 99,7 пайызы тұрғын үй жағдайын жақсартуға ниетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
«Биылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы үшін орындалған өтініштерінің саны 721,7 млрд. теңге сомасына 138,9 мың болды. Азаматтар алған жинақтарының 99,7 пайызын тұрғын үй мәселесін шешуге бағыттауға ниеттеніп отыр», - деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған Ерболат Досаев.
Оның атап өтуінше, 402 азаматтың 936,3 млн. теңге сомасына зейнетақы жинағы 4 басқарушы компанияға сенімгерлікпен басқаруға берілді.
«Өңірлер бойынша Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне зейнетақы жинағының бір бөлігін алудың барлық көлемінің 62,5 пайызы тиесілі», - деді ҰБ төрағасы.
zhaikpress.kz
Суреттің дереккөзі: inform.kz
10:3016.08.2023
Қазақстанға алыс шетелден келген әр турист орта есеппен 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі
15:155.07.2023
Өткен айда инфляция деңгейі қандай болды – Ұлттық банк мәліметі
12:3023.02.2023
Президент Алматыда сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады
15:2915.02.2023
Соңғы он жылда ұлттық қордан 23 млрд доллар алынды
16.08.2023, 10:30
5.07.2023, 15:15
23.02.2023, 12:30
15.02.2023, 15:29