9.11.2022, 19:56
Оқылды: 143

"Жайық мұнай" компаниясы Аманжолға пәтер кілтін табыс етті

«Бүгін биылғы жылдың мамыр айында Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында орын алған жазатайым оқиғадан кейін екі қолынан айырылған Аманжолдың ата-анасына жаңа пәтердің кілті табысталды», - деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2022-11-09 at 19.44.52

«Жайық Мұнай» ЖШС компаниясының қолдауымен облыс әкімі Ғали Есқалиевтің атынан табысталған пәтер Зачаганск кентіндегі жаңадан салынып, жақында ғана пайдалануға берілген көп қабатты үйлердің бірінен ұсынылған. Аманжолдың алған жарақатының нәтижесіндегі денсаулық жағдайына байланысты үйдің әлеуметтік нысандарға жақын орналасуы аса маңызды. Көп қабатты үй осы аудандағы емхана, балалар ауруханасы, балабақша және орта мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан. Пәтерді көп қабатты үйден Аманжолдың анасы Әсел Серікқызы таңдаған.

WhatsApp Image 2022-11-09 at 19.44.53

Сонымен қатар Жаңақала ауданы әкімдігі Аманжолдың бөлмесіне демеушілердің атынан қажетті жиһаз сыйлаған.

WhatsApp Image 2022-11-09 at 19.44.52 (1)

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале