2016-2020 жылдар кезеңінде қолданыста болған шекті тарифтің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, «Жайықжылуқуат» АҚ 2023-2028 жылдарға арналған тарифтердің шекті деңгейін бекітуге өтінім берді.
Өтінім берудің негізгі себебі инвестициялық бағдарламаның болмауы, шикізат пен материалдар құнының, жалақының өсуі. Бұл жерде, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бұрын бекітілген тарифінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін инвестициялық бағдарламаны іске асыруға жіберілетін қаражатты (амортизациялық аударымдар мен пайданы) есепке алмай бекітілген, тариф бойынша жұмыс істейтегендін атап өткен жөн.
«Жайықжылуқуат» АҚ ұсынған орташа тарифтердің жобалары ҚҚС-сыз төмендегідей мөлшерлерді құрады:
– 2023 жылға – 6 487,09 теңге бұрын бекітілген тарифтен 4 766,64 теңгеден 1 Гкал үшін 1 720,45 теңгеге дейін немесе 36,1%;-ға өсіммен;
- 2024 жылға – 7 222,69 теңге, 6 487,09 теңге мөлшеріндегі 1 Гкал үшін тарифтен 735,6 теңгеге дейін немесе 11,3 % -ға өсіммен;
- 2025 жылға - 7 082,24 теңге, 7222,69 теңге мөлшеріндегі 1 Гкал үшін тарифтен 140,45 теңгеге немесе 1,9%-ға дейін төмендетумен;
- 2026 жылға - 7 458,19 теңге, 7 082,24 теңге мөлшеріндегі 1Гкал үшін тарифтен 375,95 теңгеге дейін немесе 5,3%-ға өсіммен;
- 2027 жылға - 8 328,92 теңге, 7458,19 теңге мөлшеріндегі 1 Гкал үшін тарифтен 870 теңгеге дейін немесе 11,7 % өсіммен;
- 2028 жылға - 8 065,33 теңге, 8328,92 теңге мөлшеріндегі 1 Гкал үшін тарифтен 263,59 теңгеге дейін немесе 3,2% - ға төмендетумен.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті, өз кезегінде, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның өтінімін мұқият талдап, сондай-ақ 24 наурыз өткізілген жария тыңдауларда айтылған тұтынушылардың пікірін ескере отырып, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның 2023-2028 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтеріне тарифтері мен тарифтік сметаларын инвестициялық бағадарламаға және жұмысшылардың еңбекақысын ескере отырып бекітті.
Осылайша, 2023 жылдың 1 маусымынан бастап орташа тарифтер ҚҚС-сыз төмендегідей мөлшерлерді құрады:
- 2023 жылға – 5 434,82 теңге, яғни бұрын бекітілген 4 766,64 теңге мөлшеріндегі 1 Гкал үшін тарифтен 668,18 теңгеге дейін немесе 14,02% ға өсіммен, оның ішінде халық үшін 4 036,89 теңге бекітілген тариф 3 540,51 теңгеден 496,38 теңгеге, немесе 14,02% өсіммен;
- 2024 жылға -5 907,97 теңге, яғни 5 434,82 теңге мөлшеріндегі 1 Гкал үшін тарифтен 473,15 теңгеге дейін немесе 8,71%-ға өсіммен, оның ішінде халық үшін 4 158,0 теңге бекітілген тариф 4 036,89 теңгеден 121,11 теңгеге, немесе 3% өсіммен;
- 2025 жылға - 6 204,86 теңге, яғни 5 907,97 теңге мөлшеріндегі 1 Гкал үшін тарифтен 296,89 теңгеге дейін немесе 5,03%-ға өсіммен, оның ішінде халық үшін 4 282,74 теңге бекітілген тариф 4 158,0 теңгеден 124,74 теңгеге, немесе 3% өсіммен;
- 2026 жылға - 6 216,25 теңге, яғни 6 204,86 теңге мөлшеріндегі 1 Гкал үшін тарифтен 11,39 теңгеге дейін немесе 0,18%-ға өсіммен, оның ішінде халық үшін 4 282,74 теңге 2025 жылға бекітілген тариф деңгейінде;
- 2027 жылға - 6 525,58 теңге, яғни 6 216,25 теңге мөлшеріндегі 1 Гкал үшін тарифтен 309,33 теңгеге дейін немесе 4,98 % -ға өсіммен, оның ішінде халық үшін 4 411,22 теңге бекітілген тариф 4 282,74 теңгеден 128,48 теңгеге, немесе 3% өсіммен;
- 2028 жылға - 6 642,43 теңге, яғни 6 525,58 теңге мөлшеріндегі 1 Гкал үшін тарифтен 116,85 теңгеге дейін немесе 1,79% - ға, оның ішінде халық үшін 4 455,33 теңге бекітілген тариф 4 411,22 теңгеден 44,11 теңгеге, немесе 1% өсіммен;
Сондай-ақ, 2023-2028 жылдарға арналған бекітілген тарифтер шеңберінде құзыретті органмен бірлесіп бекітілген 3 585,705 млн.теңге сомасына инвестициялық бағдарлама іске асырылатынын атап өткім келеді.
Атап өтетін жайт, 2023-2028 жылдарға арналған бекітілген тарифтер шеңберінде құзыретті органмен бірлесіп жалпы бағасы 3 585,705 млн. теңгеге инвестициялық бағдарлама бекітілгенін атап өткім келеді. Жылумен жабдықтау саласындағы бекітілген инвестициялық бағдарлама қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға бағытталған іс-шараларды көздейді.
Аталған шаралар желілер мен жабдықтардың тозуын азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес өндірістік және әкімшілік персоналдың «еңбек ақы» бабы бойынша шығыстар қайта қаралды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Батыс Қазақстан облысындағы департаменті