Осындай атаумен Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында әдеби-сазды кеш өтті. Қайырымдылық айлығы аясында ұйымдастырылған кешке еңбек ардагерлері, қариялар және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
– Қазақта «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деген сөз бар. Өскелең ұрпаққа ақыл-кеңесін аямай айтып, көрген-білгенін әркез бөлісіп отыратын қарияларымызды қашанда құрметтейміз. Ата-әжелерімізге, әке-аналарымызға қуаныш-шаттық сыйлай білейік. Үлкендерге амандық-саулық тілеймін! Ұл-қыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіздер! – деді аталған орталықтың директоры Серік Тоқмамбетов.
Кеште Рүстем Кереев, Рустам Хафизов, ағайынды Аслан, Жасұлан Зинеденовтер, Мәди Сабыров, Әділ Ахметов, Аслан Ислямов сынды өнер иелері және «BatysStar» тобы аға, қария, ауыл тақырыптарындағы әндерді шырқады. Халықтық «Әже сәлемі» ансамблі де жоғары деңгейде өнер көрсетті. Айнабек Бисенғалиев, Мақсат Тұяқ, Мейірбек Бисенғалиев сынды Қадыр сарайының қызметкерлері қарияларды құрметтеуге, үлгі тұтуға үндейтін қазақ қаламгерлерінің өлең-жырларын нақышына келтіре оқыды.
Марлен Ғилымхан,
«Орал өңірі»