10.10.2023, 12:49
Оқылды: 38

«Жақсылық – жан жылуы»

Осындай атаумен Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында әдеби-сазды кеш өтті. Қайырымдылық айлығы аясында ұйымдастырылған кешке еңбек ардагерлері, қариялар және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

386185583_2264705433918632_824756766599242658_n

– Қазақта «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деген сөз бар. Өскелең ұрпаққа ақыл-кеңесін аямай айтып, көрген-білгенін әркез бөлісіп отыратын қарияларымызды қашанда құрметтейміз. Ата-әжелерімізге, әке-аналарымызға қуаныш-шаттық сый­лай білейік. Үлкендерге аман­дық-саулық тілеймін! Ұл-қыз­дарыңыздың, немере-шөбе­релеріңіздің қызығын көрі­ңіздер! – деді аталған орталық­тың директоры Серік Тоқмам­бетов.

Кеште Рүстем Кереев, Рустам Хафизов, ағайынды Аслан, Жасұлан Зинеденовтер, Мәди Сабыров, Әділ Ахметов, Аслан Ислямов сынды өнер иелері және «BatysStar» тобы аға, қария, ауыл тақырыптарындағы әндерді шырқады. Халықтық «Әже сәлемі» ансамблі де жоғары деңгейде өнер көрсет­ті. Айнабек Бисенғалиев, Мақсат Тұяқ, Мейірбек Бисенғалиев сынды Қадыр сарайының қызметкерлері қарияларды құрметтеуге, үлгі тұтуға үндейтін қазақ қалам­герлерінің өлең-жырларын нақышына келтіре оқыды.

Марлен Ғилымхан,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале