23.09.2022, 15:30
Оқылды: 41

Жаңа iPhone 14 Pro партиясын Қазақстанға заңсыз әкелуге тырысқан

Астана әуежайында iPhone 14 Pro партиясы ұсталды. Жаңа смартфондарды Қазақстанға Дубайдан заңсыз әкелуге тырысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

IMG-20220923-WA0012

Ведомствоның хабарлауынша, 21 қыркүйек күні Астана қаласының "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының "Әуежай-Астана" кеден бекетінде Дубайдан келе жатқан халықаралық әуе рейсі жолаушылары арасынан iPhone 14 Pro маркалы ұялы телефондарын әкелу әрекеті анықталған. Оны кеден бекетінің қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып кедендік бақылаудан өткізу кезінде анықтаған. Жалпы алғанда ер адам 11 дана декларацияланбаған телефон алып өтпекші болған.

Айта кетейік, аталған маркалы телефондар әлі сатылымға шыққан жоқ.

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалану үшін тауар өткізетін болса, ұялы телефондар 1 адамға 2 бірліктен аспауы тиіс екенін еке салды.

Ұсталған ұялы телефондар кедендік тазартудан өту үшін уақытша сақтау қоймасына орналастырылды.

Оларды ел аумағына заңсыз кіргізбек болған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Қазіргі уақытта "Әуежай-Астана" кеден бекеті бақылауды күшейтіп, декларацияланбаған телефондарды алып жүрудің жолын кесу бойынша Астана әуежайының аралас қызметтерімен тексеру іс-шараларын жүргізуде", – делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале