27.12.2023, 10:33
Оқылды: 56

Жаңа жылдан бастап Оралда жолақы қымбаттайтын болды

Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің instagram парақшасында жазылды.

ЖП АВТОБУС (4)

2024 жылғы 1 қаңтарда қоғамдық көлікте жол жүруге жаңа тариф енгізіледі.

— Орал қаласының әкімдігі жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілеуге қаулы етті:
— жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу – 100 теңге;
— жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу  – 200 теңге.

Осы қаулы жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін, яғни алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген хабарламады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале