Жаңақала ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 12 ауыл тұрғыны баспаналы болды. Бұл туралы БҚО ҚДБ хабарлады.
Тұрғындарға жаңа үйлердің кілттерін облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыстады.
Жаңақала ауданың тұрғыны, көпбалалы ана Маржан Шамелова бірнеше жыл бойы үй кезегінде тұрған.
«Көптен күткен үйімізге қол жеткіздік. Жаңа, кең, жарық баспанаға бала-шағамызбен кіріп, қуанып отырмыз. Ауылымыздың да сәні кіріп, жаңа үйлер салынып жатыр. Мемлекет басшысына қарапайым ауыл тұрғындарына көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз» - дейді ол.
Биыл Батыс Қазақстан облысының 50-ден астам ауылында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 758 үй салынып жатыр. Осы үйлердің 400-ге жуығы табысталды. Қалғаны жыл соңына дейін беріледі.