Бұған дейін бүгін, таңғы сағат бес шамасында Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылғандығы туралы жазған болатынбыз. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Фото: ҚРТЖМ
Қазіргі уақытта үйінділердің астынан: 2000 жылы туған зардап шеккен әйел және 1994 жылы туған қайтыс болған азаматтың денесі алынды.
Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала. Бес адам ауруханаға жатқызылды.
Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасуда. 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция.
Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.