17.04.2023, 10:00
Оқылды: 55

Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккендер мен қаза тапқан адам туралы мәлімет жарияланды

Бұған дейін бүгін, таңғы сағат бес шамасында  Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда  екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылғандығы туралы жазған болатынбыз. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

IMG_20230417_081940_574

Фото: ҚРТЖМ

Қазіргі уақытта үйінділердің астынан: 2000 жылы туған зардап шеккен әйел және 1994 жылы туған қайтыс болған азаматтың денесі алынды.

Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала. Бес адам ауруханаға жатқызылды.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасуда. 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция.

Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале