10.10.2019, 15:04
Оқылды: 71

Жәңгір хан университетінің студенттері Хадиша театрындағы лирикалық драманы тамашалады

Облыстық қазақ драма театры «Арманым – Әселім» қойылымын сахналады. Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесінің желісін арқау еткен драманың көрермендері – БҚАТУ білім алушылары.

 IMG_1031

«Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен бұл күні Хадиша театрының көрермен залы толықтай Жәңгір хан университетінің студенттеріне арналды.

IMG_1068

Көрерменнің қошеметі мен ыстық ықыласына ие болған қойылымнан кейінгі жастардың өзара әңгімесі де жаманнан әдеттен аулақ болу, махаббатқа адалдық жайында болды. Бірі: «Адамды өмір сынақтарына сынбауға үйретеді», - десе, тағы бірі соңында Ілияс пен Әселдің қайта табыспағанына өкініш білдірді. Ғашықтардың бір-біріне қолдауы мен түсіністік танытуы туралы айтып: «Кейде біз бақыттың бағасын жоғалтқан соң бір білеміз», - дейді. Тартысқа толы лирикалық драмадағы әр кейіпкердің ойы мен мінезін, болмысын жоғары деңгейде жеткізе білген актерлерге алғыс айтты.

IMG_1082

Жайнагүл Сағидоллақызы

Жәңгір хан атындағы

БҚАТУ медиа-орталығының маманы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале