Осыдан бірер күн бұрын 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан ел чемпионаты мәреге жетті.
Атырауда өткен байрақты бәсекеде батысқазақстандық өрендер 5 медальға ие болып, өте сәтті өнер көрсетті. Тарқатыңқыратып айтқанда, Жүсіп Назар (54 келі) мен Тағыр Сатаев (56 келі) жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, ел чемпионы атанды. Мейрамбек Әсетаев 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күміс медальді еншіледі.Ал Шыңғыс Айтқалиев (56 келі) пен Мейрамбек Әлжанов (58 келі) облыс құрамасының қоржынына қос қола салды.
zhaikpress