15.04.2021, 20:42
Оқылды: 110

Жасөспірімдер жеңіспен оралды 

Осыдан бірер күн бұрын 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан ел чемпионаты мәреге жетті.

Жасөспірімдер жарады!

Атырауда өткен байрақты бәсекеде батысқазақстандық өрендер 5 медальға ие болып, өте сәтті өнер көрсетті. Тарқатыңқыратып айтқанда, Жүсіп Назар (54 келі)  мен Тағыр Сатаев (56 келі)  жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, ел чемпионы атанды. Мейрамбек Әсетаев 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күміс медальді еншіледі.Ал Шыңғыс Айтқалиев (56 келі) пен Мейрамбек Әлжанов (58 келі) облыс құрамасының қоржынына қос қола салды.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале