13.11.2022, 11:27
Оқылды: 55

Жел, бұрқасын, көктайғақ - алдағы үш күннің ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін, 13 қарашада Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

11BE2529-2AFC-4A1C-ACCE-88499866D779

Осы күні Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін барады.

14 қарашада күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде жаңбыр, таулы аударында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады - 15-20, екпіні - 23-28 м/с, таулы аудандарында 30 м/с және одан да аса болады.

«13 қарашада Іле, Қырғыз Алатауларында тұман түседі, онтүстік-батыс желі тұрады, Талас Алатауында кей уақытта тұман түседі. Батыс Алтайда түнде кей жерлерде катты жауын-шашын болады, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғак күтіледі. Солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с дейін соғады. Тарбағатайда да жаяу бұрқасын, көктайғак, онтүстік-батыс желі тұрады.

Бүгін Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші - 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі», - деп жазды синоптиктер.

13 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с дейін барады.

Осы күні Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

«14-15 қараша күндері Жамбыл облысында жауын-шашын, 15 қарашада облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с, 14 қарашада таңертең және күндіз, 15 қарашада тәулік бойы 30 м/с және одан аса күтіледі.

13 қарашада Батыс Қазақстан облысына жауын-шашын түседі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады», - деп ескертілген хабарламада.

13-14 қарашада түнде Қостанай облысында жауын-шашын болады, Бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары болады. Ал Қостанай қаласына күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, күндіз екпіні - 23-28 м/с.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, 14 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 13 қарашада облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.

Ақмола облысында да екі күн бойы осындай, жауын-шашын, 14 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да асып түседі.

14-15 қарашада Қарағанды облысында да жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с, 15 қарашада облыстың солтүстігінде 30 м/с және одан да жоғары болады.

«14 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде 30 м/с және одан да аса күтіледі.

Астана қаласында 14 қарашаға дейін жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с, 13-14 қарашада кей уақыттарда екпіні - 25 м/с», - деп хабарлады Қазигидрометтен.

Бүгін Ақтөбе облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале