20.02.2024, 10:30
Оқылды: 17

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ Тасқала ауданының азаматтарына құқықтық көмек берді

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында Тасқала ауданына шығу ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент жазды. 

21cb230871e78ef0252b001c819aec7a_1280x720

Жобаның негізгі мақсаты - тұрғындарға, әсіресе шалғайдағы елді мекендерге заңгерлік кеңес беру және мүмкіндігінше заң шеңберінде азаматтардың өзекті мәселелерін шұғыл шешу.

Кеңесшілер ретінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, өңірдің жетекші заңгерлері мен адвокаттары қатысты.

Антикор-еріктілер де белсенді қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыруда, оның бағыттарының бірі – «рго bono волонтерлік».

54dc69c4ed238ad6e945c253f9a76a72_1280x720

40-қа жуық азамат түрлі мәселе бойынша түсініктеме алды.

Өтініш берушілердің негізгі мәселелері жұмысқа орналасу, жергілікті жолдардың жай-күйі, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, мемлекеттен несие, жеңілдіктер мен субсидиялар алу мәселелеріне қатысты болды.

486902812f406e48934988da94c4c1fd_1280x720

Жоба шеңберінде заң нормаларына сәйкес одан әрі шешу үшін кейбір мәселелер мемлекеттік органдардың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды адамдарының бақылауына алынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале