Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Орал қаласында 10-16 қазан күндері ауыр атлетикадан өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпаздары Өтепберген Әлиев пен Виктор Тарасовты қабылдады.
Шара барысында Ғабидолла Абдоллаұлы жас спортшыларды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тілеп, бағалы сыйлық табыс етті.
Өз кезегінде ауыр атлетикадан жаттықтырушылар Дәурен Байториев пен Дәурен Жалғасбаев спортшыларға көрсетілген құрмет үшін облыс әкімдігіне алғыс айтты.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!