Бүгін сағат 16:30 уақыт шамасында Подстепный ауылында “Меловые горки” ауданына жетпей “Даф” маркалы екі жүк көлігінің қатысуымен жол -көлік оқиғасы болды.
Апат салдарынан 1978 жылғы жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды. Қазіргі уақытта оқи орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БҚО ПД барлық жүргізушілер мен азаматтарға жол ережелерін қатаң сақтауды, апа-райының өзгеруіне байланысты алыс-жолға шықпауларын, жолда абай болу қажеттігін ескертеді.
БҚО ПД Баспасөз қызметі.