16.11.2022, 21:16
Оқылды: 80

Жол апатынан 44 жасар азамат көз жұмды

Бүгін сағат 16:30 уақыт шамасында Подстепный ауылында “Меловые горки” ауданына жетпей “Даф” маркалы екі жүк көлігінің қатысуымен жол -көлік оқиғасы болды.

WhatsApp Image 2022-11-16 at 22.17.07

Апат салдарынан 1978 жылғы жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды. Қазіргі уақытта оқи орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған фактіге қатысты  ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БҚО ПД барлық жүргізушілер мен азаматтарға жол ережелерін қатаң сақтауды, апа-райының өзгеруіне байланысты алыс-жолға шықпауларын, жолда абай болу қажеттігін ескертеді.

БҚО ПД  Баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале