Мамандар антибиотикті өз бетінше қабылдамауға кеңес берді. Күз келгенде тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) көбейе түседі. Осы кезеңде дәріні өз бетінше қабылдамай, ауру белгілерін дұрыс бағалау маңызды. Қазақстандық медицина мамандары үй жағдайында қандай шараларға мән беру керегін және қай кезде дәрігер көмегіне жүгіну қажет екенін түсіндірді - деп жазды baq.kz.

Сурет: istockphoto.com
Үйдегі дәрі қобдишасында не болғаны жөн?
ЖРВИ кезінде дене қызуының көтерілуі, бас пен бұлшықеттің ауыруы, мұрынның бітелуі сияқты белгілер жиі кездеседі. Мұндай жағдайда симптомдарды жеңілдету үшін үйде мына құралдардың болғаны жеткілікті:
Дәрі сатып аларда оның атауына ғана емес, құрамындағы әсер етуші затқа, мөлшеріне, қолдану көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдеріне де назар аударған жөн.
Вирусқа қарсы дәрілерді өз бетімен ішуге бола ма?
Мамандар рецептімен берілетін вирусқа қарсы препараттарды дәрігердің кеңесінсіз қабылдауға болмайтынын ескертеді.
Мұндай дәріні тағайындау кезінде дәрігер науқастың жасын, аурудың белгілері мен ауырлығын, сондай-ақ асқыну қаупін арттыратын факторлардың бар-жоғын ескереді.
Тұмау кезінде антибиотик көмектесе ме?
ЖРВИ мен тұмаудың көпшілігі вирустардан туындайды. Ал антибиотиктер вирустарға әсер етпейді.
Сондықтан бактерияға қарсы дәрілерді өздігінен қабылдау дұрыс емес. Бұл антибиотиктерге төзімділіктің қалыптасуына, жағымсыз әсерлерге және басқа да асқынуларға себеп болуы мүмкін.
Антибиотикті тек бактериялық инфекция немесе оның асқынуы бар деген медициналық негіз болған жағдайда дәрігер тағайындайды.
Бірнеше дәріні қатар қабылдағанда абай болған жөн
Суық тию мен тұмауға арналған кейбір кешенді дәрілердің құрамында парацетамол болуы мүмкін. Егер мұндай препаратпен бірге парацетамолды бөлек қабылдаса, дәрінің ұсынылған тәуліктік мөлшерінен асып кету қаупі бар.
Сондықтан бірнеше дәріні қатар қолданбас бұрын олардың құрамын тексеру керек. Бірдей әсер етуші заты бар препараттарды медицина маманымен кеңеспей бірге қабылдамаған жөн.
Кімдерге дәрі тегін беріледі?
Қазақстанда дәрі-дәрмекпен тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз ету заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Бұл мүмкіндік ЖРВИ немесе тұмаумен ауырған барлық адамға автоматты түрде берілмейді.
Дәріханадағы баға неге әртүрлі?
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу жүйесі бар. Дегенмен оның талаптары барлық препаратқа бірдей қолданылмайды. Кейбір дәрілердің құны нарықтық тетіктер арқылы қалыптасады.
Сондықтан бірдей әсер етуші заты бар препараттардың бағасы өндірушісіне, дәрілік түріне, мөлшеріне, сауда атауына және дәріханаға қарай өзгеруі мүмкін.
Қаражатын үнемдегісі келетін азаматтарға бірнеше дәріханадағы бағаны салыстырып, мүмкіндік болса, препаратты халықаралық патенттелмеген атауы бойынша таңдаған жөн.
Қай кезде дәрігерге қаралу керек?
ЖРВИ жеңіл өтсе, көбіне тынығып, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішіп, симптомдарға қарай ем қабылдау жеткілікті болуы мүмкін.
Алайда мына белгілердің бірі байқалса, медициналық көмекке жүгіну қажет:
Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?
Тұмау мен ЖРВИ-ден қорғану үшін қарапайым профилактикалық шараларды сақтау маңызды. Мамандар:
Үйде көп дәрі жинаудың қажеті жоқ
Мамандардың айтуынша, үйдегі дәрі қобдишасын көптеген препаратпен толтыру міндетті емес. Көп жағдайда дене қызуын өлшейтін термометр, қарсы көрсетілім болмаған жағдайда қызу түсіретін дәрілердің бірі, мұрынды шаюға арналған ерітінді және ағзадағы сұйықтықты толықтыратын құрал жеткілікті.
Ал антибиотиктерді, рецептімен берілетін вирусқа қарсы препараттарды және басқа да рецептілік дәрілерді тек дәрігердің тағайындауымен қолдану керек.