Биылғы жылдың 1 қазанынан бастап Батыс Қазақстан облысында тұмау және ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) жағдайлары тіркелуде. Облыс бойынша тұмау 116 жағдаймен, ал ЖРВИ – 46 226 жағдаймен есепке алынды.

ЖРВИ жағдайларының жас бойынша бөлінісі мынадай:
• 14 жасқа дейінгі балалар – 32 771 жағдай,
• 1 жасқа дейінгі сәбилер – 472 жағдай,
• жүкті әйелдер – 93 жағдай.
Тұмаудың 116 жағдайы тіркелді, оның ішінде А типінің H3N2 вирусы анықталған, былтырғы жылмен салыстырғанда аурушаңдылық 31%-ға өсіп отыр. Жас ерекшелігі бойынша, жағдайлардың басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп отыр (84 жағдай), ал жүкті әйелдер арасында 9 жағдай тіркелді.
Қазіргі таңда облысымыз бойынша 16 мектептің 37 сыныбы қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Оның ішінде: Орал қаласында - 3 мектеп, 6 сынып, 94 оқушы.
Бәйтерек ауданында – 9 мектеп, 23 сынып, 274 оқушы.
Жанғала ауданында– 1 мектеп, 1 сынып, 21 оқушы.
Теректі ауданында – 1 мектеп, 2 сынып, 9 оқушы.
Ақжайық ауданында – 1 мектеп, 3 сынып, 59 оқушы.
Сырым ауданында - 1 мектеп, 2 сынып, 33 оқушы.
Алдын алу шаралары:
1. Вакцинация: Тұмауға қарсы вакцинация әрбір адам үшін, әсіресе балалар мен жүкті әйелдер үшін маңызды.
2. Жеке гигиена: Қолды жиі жуу, қолды бетке тигізбеу, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды сүлгімен жабу.
3. Қалалық және қоғамдық орындарда маска тағу: Вирустың таралуын азайтуға көмектеседі.
4. Дұрыс тамақтану және су ішу: Иммунитетті күшейту үшін дәрумендерге бай тамақ пайдалану қажет.
5. Ауырған жағдайда үйде қалу: ЖРВИ немесе тұмау белгілері пайда болса, дәрігерге қаралып, қоғамдық орындарға бармау қажет.
6. Үйді желдету және тазалық: Үй ішінде ауа алмасуын қамтамасыз ету және беткі қабаттарды үнемі дезинфекциялау.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды сақ болуға, балалар мен жүкті әйелдерді қорғауға шақырады. Алдын алу шараларын орындау арқылы вирустың таралуын төмендетуге болады.
Нұрлыбек МҰСТАЕВ
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депртаментінің орынбасары