18.07.2022, 12:30
Оқылды: 134

Жыл басынан бері Қазақстанда қанша көлік ұрланғаны белгілі болды

Биыл Қазақстан аумағында 245 көлік ұрлығы тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220718114750911e

«Жыл басынан бері 245 көлік ұрлығы тіркеліп, соның 158-і бойынша қылмыстың беті ашылды. Бұл істер сотқа жолданды. Осы ұрланған көліктердің 94-і иелеріне қайтарылды», - делінген ведомствоның ҚазАқпарат агенттігіне берген мәліметінде.

Сонымен қатар, министрлік ұрланған көліктерді көршілес елдерден Қазақстан аумағына кіргізу әрекеттеріне қатысты сұраққа жауап берді.

«Ондай фактілер, әрине, аз кездеспейді. Биылдың басынан қазіргі уақытқа дейін елімізде көршілес мемлекеттерде ұрланған автокөліктердің 32-сі анықталды. Олардың бәрі тәркіленіп алынды», - деп аталып өткен Ішкі істер министрлігінің деректерінде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале