10.09.2020, 14:49
Оқылды: 133

Жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтайық

Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасы волонтерлер, жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғын үйлерді аралап, жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық парақшалар мен жадынамалар таратты.

IMG-20200908-WA0018

Тұрғын үйлердегі және пәтерлердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады.

Статистика бойынша тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына  негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін  бұзу, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр.

IMG-20200908-WA0023

Егер Сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына  және электр аспаптарына зақым келсе тез арада электр маманын шақырыңыз.

Өртті болдырмау үшін төмендегідей өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:

- электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;

- уақытша және зақымдалған электрөткізгіш сымдарын  пайдаланбаңыз;

- электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан  дайындалған болуы тиіс;

- үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;

- газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;

- сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;

- бөлмені жылытуға бей-берекет қолдан жасалған электржылытқыш құралдарын қолданбаныз;

- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз.

Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада «101» номері арқылы хабарласыңыз.

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – Сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды!

 

Б.Исраилов,

Орал қаласы ТЖБ бас маманы,

азаматтық қорғау подполковнигі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале