Жәнібек ауданында биылғы жарты жылдық есеп бойынша 67 жаңа жұмыс орындары ашылса, соның 27-і ауыл шаруашылығы, 22-і сауда және 18-і басқа салаларды құрайды.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Роберт Биғалиевтың мәліметін негізге алсақ , аудан бойынша 13 сауда үйі, 94 дүкен және 22 дүңгіршек, 3 мейрамхана, 11 дәмхана, 4 асхана, 4 дәріхана, 3 жанармай құю бекеті, 3 шаштараз, 2 киім тігетін орын, 1 телефон жөндеу орны, сондай-ақ 1 монша-сауна, 1 базар тұрғындарға қызмет көрсетуде. Биылғы алты айда үш азық-түлік және шаруашылық дүкендері, бір мейрамхана мен бір дәмхана ашылған.
Н.Жапақов
www.zhaikpress.kz