«Нұр Отан» партиясы ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» атты жобасын қолға алған.
Зеленов ауданы орталығында жоғарыда аталған жобаны іске асыру мақсатында құрамында ардегерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Мендалиев, ауылдық округ әкімдігінің маманы Мәулет Мұхтаров, «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалының кеңесшісі Гүлжаухар Сабырқұлова, аудандық аурухана медбикесі Гүлайым Ілиясова бар бір топ белсенді Переметный ауылында тұрып жатырған жалғызбасты қариялар мен кейуаналардың үйлеріне барып, жағдайларымен танысты.
Әр үйге кіріп, қандай көмек қажет боп отырғандығын сұрап, қан қысымын тексеріп, қажетті деген дәрі-дәрмектерін жазып беріп, әрқайсымен әңгіме-дүкен құрған қайырымды жандарға разы болған ардагерлер келушілерге ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz