5.08.2016, 16:14
Оқылды: 68

Ақжайық сотында «Ашық есік» күні өтті

Медиация күніне орай «Ашық есік»  Ақжайық аудандық соты 5 тамыз – Медиация күніне орай «Ашық есік» күнін ұйымдастырды.


Келушілерге «Медиация туралы» Заңның ерекшеліктері мен маңыздылығы түсіндірілді, біраздан бері жұртқа танылып қалған кәсіби емес медиаторлар: аудан бойынша тіркелген А.Мұшағалиева, Х.Кадисов, Ж.Қажығалиев, Ж.Жармұхамбетов, Жамбыл ауылдық округі бойынша М.Иманғалиев, Мерген ауылдық округінен М.Садықов, Көнеккетен ауылдық округі бойынша А.Ғұмаров, Жаңабұлақ ауылдық округінен Т.Оспанов, Қабыршақты ауылдық округі бойынша Н.Жайтуғанов, К.Жұмағазиев жиналғандар алдында өздерінің тәжірибесін ортаға салды. Тұрғындар сот қызметкерлерінен біраз сұрақтарына жауап алды.

Сот төрағасы А.Куликешев халықпен тығыз байланыс ұстау заманның зор бір талабы болып табылатынын, толғандыратын, мазалайтын сұрағымен келетін жұртқа аудандық сот есігі әрдайым ашық екенін әңгімеледі.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале