20.07.2016, 11:25
Оқылды: 27

Жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді

Жұмыспен қамтуЖәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтің берген мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша 110-нан астам мекеме, ұйымдар бар. Соның 72-сі мемлекеттік мекеме болса, 38-ден астамы жеке субъектілер.


Өткен  мерзімде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына: ақылы қоғамдық жұмыстарға, тұрақты жұмыстарға, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына, шағын несие алуға қатысқан тұрғындардың саны 481 адамнан асқан, соның ішінде жастар – 128, әйелдер – 251, ерлер – 102 адамды құраған.

Жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыс орнына 327 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 23, жастар тәжірибесіне – 13, шағын несие алушылар – 13, тұрақты жұмыс орнына 105 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған.

Ағымдағы жылдың есепті мерзімінде 59 жұмыс берушіден 169 бос жұмыс орындары туралы мәліметтер түсіп, жолданған бос орындар саны жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік берген.

                                                                                 Асқар ҚҰСАЙЫНОВ
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале