20.07.2016, 10:56
Оқылды: 27

Жәнібекте құқық бұзушылықтың алдын алуда

құқық бұзушылықЖәнібек аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ернар Сұлтанғалиевтан алынған ақпаратқа сәйкес,  жасөспірімдер  арасындағы  қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуда биыл жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді.


Оның айтуынша, жыл басынан кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекциясының есебінде 3 жасөспірім тұрса, қазіргі уақытта да бұл сан өзгермей сол күйінде қалып отыр.

Анығын айтқанда, есепке алынғандар болған жоқ.  Жинақтау құжаты ашылып, ай сайын тұрғылықты мекенжайы бойынша  есептегі жасөспірімдер тексеріліп, алдын алу бағытында сұхбат жұмыстары жүргізілген. Аудандағы білім беру мекемелерінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың,  бопсалаудың  алдын-алуда лекциялар оқылып, әңгімелер жүргізілген, дөңгелек үстелдер оздырылып, жиналыстар, сауалнамалар, акциялар мен спорттық шаралар өткізілген. Дәлірек айтқанда, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда аудан бойынша жыл басынан барлығы 105  іс-шара өткен.

-Педагогикалық ұжымдармен бірлесіп, кезекшілік кестесі жасақталды. Жастардың шоғырлануы мүмкін дәмханалар, көшелер, қоғамдық орындар мен есірткіні тұтынуы мүмкін құрылысы аяқталмаған және қараусыз қалған ғимараттар тексерілді. Сонымен қатар, жергілікті мекемелермен бірлесіп, жұмыстар атқару барысында ҚР ӘҚБК-нің 440-бабына сәйкес спирттік ішімдіктерді  тұтынатын жасөспірімдерді анықтау үшін кешкі мезгілде рейдтік шаралар жүргізілді. Оның барысында ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлімімен, яғни кәмелет жасқа толмағандардың түнгі уақытта белгіленген шекте үйінен тысқары болуынан және заңды өкілдерінің қасына еріп жүрмеуіне байланысты 44  жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік  хаттамалар  толтырылып, ескерту берілсе, сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімімен, яғни ата-анасының тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндетін орындамағаны үшін 6 ата-ана жауапқа тартылып, әкімшілік іс  аудандық сотқа жолданып, 5 әкімшілік іс бойынша 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.  Ал бір әкімшілік іс  қысқартылды,-дейді Ернар Темірұлы өз сөзінде.

Жергілікті полиция қызметі бастығының сөзіне сүйенсек, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар мекенжайы бойынша тексеріліп, мектеп психологтарымен акт толтырылып, алдағы уақытта қадағалап, бақылау мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінің есебіне алынған. Қазір есепте 9 тұрмыстық жағдайы төмен отбасы бар. Оларды ай сайын аудандық аурухана мен білім беру қызметкерлері тексеріп отырады. Бұл отбасыларда барлығы 18 жасөспірім тәрбиеленуде.

         Н.Өтей
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале