Зеленов ауданы орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» атты семинар-кеңес өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжановтың төрағалық етуімен өткен жиынға БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Арман Жалмағамбетов, Қазақстан Ремпубликасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Жақсат Мұратов, ауылдық округ әкімдері, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері, аудандық бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Отырысты ашқан Асылұлан Тұрсынұлы сөз кезегін келген қонақтарға берді. Алғаш болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдерінің рөлі» жайында баяндама оқыған Арман Жанатұлы мемлекеттік қызметшілер этикасы туралы біраз әңгіме өрбітіп, ірілі-ұсақты әкімшілік қызметкерлері арасында жие кездесетін тәртіп бұзушылықтар жайында айтып берді. Содан соң әдеп кодексінің сақталу барысы жайында сөз қозғаған Жақсат Мұратұлы жаңа әдеп кодексіне енгізілген өзгертулер мен мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар жөнінде кеңеінен әңгімелеп, тәртіп бұзған мемлекеттік қызметшілерге қарсы қандай шара қолданылатынын да тілге тиек етті. Кейін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдардың ауданда орындалуы барысы жайында отырыс төрағасы баяндап берді.
Жиын соңында келген қонақтарға сұрақтарын қойған семинар-кеңесінің қатысушылары толық әрі нақты жауаптарын алды.
Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz