22.07.2016, 15:44
Оқылды: 82

Мал өнімдерін өндіру артып келеді

Мал өнімдерін өндіру артып келеді    Жәнібек аудандық статистика басқармасының басшысы Қуаныш Исмағұловтың  берген мәліметіне қарағанда ауданда мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру жылма-жыл артып келеді.


Мәселен, ағымдағы жылдың алты айлығындағы қорытынды бойынша 2276,9 тонна ет өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,8 пайызды құраған. Биылғы  алты айдың қорытындысында, сондай-ақ 4426,4 тонна сүт дайындалып, ол былтырғы есепті мерзіммен салыстырғанда 102,7 пайызды құрайды. Ал биылғы жарты жылдықта 763,3 мың дана алынған жұмыртқа өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрап отыр.

                                                                                    Н.Жапақов
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале