18.07.2016, 17:05
Оқылды: 77

Мегажоба Тасқалада

  МегажобаРеспубликалық «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» атты мегажоба аясында Қаратөбе ауданының делегациясы Тасқала ауданында болды. Тасқала жеріне аяқ басқан қаратөбеліктерді аудан әкімі Санжар Әлиев бастаған бір топ қарсылап алды.


Әрі қарай қос ауданның делегациясы «Азалы ана» мемориалдық кешенінің басына гүл шоқтарын қойды.  Содан соң С.Жақсығұлов атындағы орта мектептің спорт залында екі аудан волейболшыларының жолдастық кездесуінің ашылу салтанаты өтті. Шарада Тасқала ауданының әкімі Санжар Жұматайұлы келген қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Кейін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Бейбітшілік пен келісім – мәңгілік елдің тұтқасы» атты Тасқала және Қаратөбе аудандарының ресми делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов арнайы келіп қатысты. Басқосуда алдымен сөз алған аудан әкімі Санжар Жұматайұлы қос ауданның арасындағы достық көпірінің нық болуын тіледі. Сондай-ақ Қаратөбе ауданында өндірілетін «Дем» минералды суының тұтынушылары санын арттыруға ат салысып, болашақта аудан дүкендері сөресінде Тышқантайдан шыққан таза судың сатылуына ықпал ететінін айтты.Мегажоба

Осы жерде екі ауданның әкімі өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында мемарандумға қол қойды

Әрі қарай аудан басшылары мен келген қонақтар аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесіндегі Қаратөбе ауданы ұйымдастырған қолөнер  көрмесін тамашалады.Мегажоба

Көрме Тасқала жұрты қаратөбелік өнерпаздар дайындаған концертке ұласты.

Шара соңында Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Берлешұлы әріптесі Санжар Жұматайұлына «Қаратөбенің жеті кереметі» картинасы мен мегажоба эстафетасын табыстады.

Рауан САТЫБАЛДИЕВ
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале