5.08.2016, 16:43
Оқылды: 30

Нысандарға 31 тонна көмір жеткізіледі

Нысандарға 31 тонна көмір жеткізіледі Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиевтің мәліметіне сәйкес, аудандағы  барлығы 99 нысанның қысқа әзірлігі ойдағыдай.


Оның айтуынша, ауданның білім беру саласындағы 31 нысанның 29-ы газ құбыры арқылы жылытылады. Ал Күйгенкөл, Тау ауылдық округтеріндегі тиісінше Өнеге бастауыш мектебі көмірмен, Жұмаев бастауыш мектебі электр қуаты арқылы жылынады.

Өнегедегі бастауыш мектепке жылдағыша 6 тонна көмір қажет. Сол сияқты денсаулық сақтау саласында 16 нысан болса, соның 13-і газбен, 2-уі көмірмен, біреуі электр қуатымен жылынады. Көмірмен Талов, Жақсыбай ауылдық округтеріндегі тиісінше Майтүбек, Ақадыр елді мекендеріндегі медициналық пункттер жылытылса, электр қуаты арқылы Таудағы Жұмаев елді мекенінде орналасқан медициналық пункт жылытылатын көрінеді. Алдында аталған екі елді мекенді жылыту үшін 10 тонна көмір керек. Сонымен бірге, ауданда мәдениет саласы бойынша 17 нысанның 12-і көгілдір отынмен, ал Күйгенкөл, Ұзынкөл, Тау, Талов,Жақсыбай ауылдарына қарасты сәйкесінше Өнеге, Еңбекші, Жігер, Майтүбек, Ақадыр елді мекендеріндегі кітапханалар көмірмен жылытылады. Қыс маусымына орай аталған елді мекендердегі кітапханалардың әрқайсысына 3 тоннадан, барлығы 15 тонна көмірді қажет етеді. Елді мекендердегі көмірмен жылытылатын нысандарға жуық арада отын бір көзден сатып алу тәсілі арқылы жеткізіледі.

                            Н.Жапақов
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале