29.07.2016, 16:14
Оқылды: 65

Салық түсімі еселенуде  

Шыңғырлау ауданында бюжеттің кіріс бөлігі бойынша 2016 жылдың 6 айына мемлекеттік бюджетке 110 038,0 мың теңге түсім жоспарланған. Оның ішінде республикалық бюджетке 6 923,0 мың теңге, жергілікті бюджетке 103115,0 мың теңге деп жобаланды.


Міне, енді жарты жылдықта нақты мемлекеттік бюджетке түскен түсім көлемі 185 599,0 мың теңгені құрап отыр немесе болжам 168,7% орындалған. Оның ішінде, республикалық бюджетке 13571 мың теңге түсім түскен. ( орындалуы 196,0%), жергілікті  бюджетке түскен түсім көлемі 172 028,0 мың теңгені құрайды, ал аудандық бюджетке түскен түсім 162 707,0 мың теңгені құрап, болжам 157,8% орындалған.

Осы 6 ай ішінде мемлекеттік бюджетке түскен түсім көлемін өткен 2015 жылдың жартыжылдық көрсеткіштерімен салыстырсақ, мемлекеттік бюджеттің түсімі 28 129 мың тенгеге немесе 117,9% өскен (2015ж. 157 470,0 мың теңге). Оның ішінде, республикалық бюджет 2329 мың теңгеге немесе 120,7% (2015ж. – 11242мың теңге), аудандық бюджет 26183,0 мың теңгеге немесе 119,2% өсті (2015ж.–136524,0 мың теңге).

Салық түсімі еселенуде -Жергілікті бюжеттің кіріс бөлігінің артуы әлеуметтік салық пен жеке табыс салықтары бойынша және заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша салық салу объектілерінің ұлғаюы есебінен мүмкін болып отыр. Сонымен қатар, салықтық әкімшіліктендіруді күшейту және камералдық тексерістер жүргізу жолдарымен де түсімдердің толықтығы қамтамасыз етілуде,-дейді  Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы  Жаңғабыл  Сағынов.

 Айсұлу Арыстанова
Шыңғырлау ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале