Тасқала аудандық кітапханада мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруыменен тамыз айының 5-і күні «Ономастика, көрнекі ақпарат және жарнама мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және әділет басқармасының қызметкерлері қатысқан болатын.
«Аудандағы ономастика, көрнекі ақпарат және жарнама саласының ахуалы» жайлы Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков баяндама жасады. Семинар-кеңесте сол тақырып төңірегінде ой-пікір айтылып, ұсыныстар тасталды.
Орталық кітапхана директоры А.Нұрмақов «Аудан аумағындағы көне құлпытастардың жер атауларына ықпалы» атты баяндама оқыды. Тасқала ауданы бойынша 9 ауылдық округ, 28 ауыл бар. 9 ауылдық округтің атаулары барлығы қазақша. 28 ауылдың 25-нің атауы қазақша, үшеуі өзгертуді талап етеді екен. Олар Черная Падина, Беленький және Ермольчево атты ауылдардың атауын өзгертуге ұсыныстар тасталды. Және де ауданымызда орналасқан дүкендер мен мейрамхана, кафелердің маңдайшасында жазылған қателерді де түзету керектігі айтылды.
Е.Елекенов
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz