3.08.2016, 11:35
Оқылды: 37

Сөз қазынасының қуаты

     Дулат    Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округінің орталығы – Жұбан ауылында ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған кеш өтті.


Биылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша оқуға ұсынылған бабаның өшпес жырлары туралы кітапханашы Мейірман Шәкенов кеңінен баяндады. Халқымыздың арғы дәуірлерден бүгінгі заманға келіп жеткен сөз қазынасының қуаты туралы тұрғындар ой-толғамдарымен бөлісті. Дулат жыраудың шығармалары, өмір сүрген дәуірі жайында ұл-қыздар көбірек білу мақсатында кітапханадан ондаған кітапты жаздырып алды. «Елдіктің жаршысы-еркіндіктің жоқшысы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқырмандар Дулаттың жалынды жырларын мәнерлеп оқыды.

Болат Қосжанұлы
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале