Ақжайық ауданының Алмалы және Тайпақ ауылдық округтеріндегі ауылшаруашылық қоры жерінен үйірсіз шегіртке дернәсілі байқалғаны туралы фитосанитариялық-диагностикалық орталықтың хабарламасына сәйкес, тиісті шара алынды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына хабар түскеннен соң-ақ, арнайы 2 «КамАЗ» автомобиліндегі қондырғылармен "Магтоксин» ЖШС жұмысшы-қызметкерлері Алмалыда 3000, Тайпақта 650 гектар алқапты дәріледі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөліміндегі мамандардың айтуынша, үйірсіз шегірткеден келер қорқыныш жоқ, тиісті мониторинг жүргізіліп отыр.
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ
Ақжайық ауданы