28.07.2016, 13:21
Оқылды: 101

Шекара тыныштығы - ел тыныштығы

Шекара тыныштығы ел тыныштығыЖуырда ҰҚК-ті және шекара қызметі мамандары Зеленов ауданының Погодаево, Раздолное және Шалғай ауылдарының тұрғындарымен кездесті.


Мемлекеттік шекараны күзетуге баулу және жергілікті тұрғындарды шекараны қорғау, режимін сақтауға үйретуді көздеген тақырыптық жиындар  барысында ел аумағында қабылданған «Террористтік қауіптің сары деңгейі» жайында түсіндірілді. Сонымен қатар, 2013 жылдың 27 тамызында қабылданған №866 ҚР-сы үкіметінің қаулысының талаптары мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері тарапынан қабылданған 1999 жылғы «Террозимге қарсы күрес» заңы туралы біраз мағлұмат берілді.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына Сирия еліне аттанып ДАИШ құрамында соғысып жүрген 300 қазақстандық арасында өңіріміздің азаматтары да жүргендігі жайында айтылды. Осыған орай, ел азаматтарының қарулы бүлікке араласып, террористтік ұйымдарға қосылуын алдын алу мақсатында аталған шекаралық ауылдарда таныс емес немесе күдік тудыратын тұлғаларды көрген жағдайда тұрғындар құқық қорғау органдарына хабар  беру қажет екендігі де азаматтардың қаперіне салынды.

Жиындар барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берген ҰҚК мамандары шекара күзетуде жергілікті тұрғындардың көмегі әрқашан керек болатындығын да айтты. Қазіргі таңда аталған кездесулер өз жемісін бере бастаған. Жергілікті тұрғындар шекарашылармен қарым-қатынасын жақсартып, әр күдік туғызар тұлғалар жайында хабар беріп тұратын болыпты.

Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале