21.07.2016, 9:09
Оқылды: 12

Қаратөбе ауданында – жаңа прокурор

 Қаратөбе ауданында – жаңа прокурорҚаратөбеде өткен аудан активінің жиынында Қаратөбе ауданының әкімінің орынбасары Рашид Иманғалиев жаңадан тағайындалған ауданының прокурорын таныстырды.


Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 15 шілдедегі бұйрығымен Қаратөбе ауданының прокуроры болып Ғалымбек Әлібекұлы Мұхитов тағайындалды.

Ғалымбек Мұхитов – І ші сыныпты заңгер. Прокуратура органдарында 2006 жылдан бастап қызмет етіп келеді.Қаратөбе ауданында – жаңа прокурор1

Қызметтік жолында Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарында, Орал қалалық прокуратурасында, Қазталов ауданы прокурорының орынбасары лауазымында жұмыс арқарып, соңғы жылдары облыс прокуратурасында қызметте болған.

Актив жиынында БҚО прокуратурасының сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы Нұрлыбек Жұбанов жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Ғалымбек Әлібекұлының қызметіне табыс тіледі.

Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале