Бөкей ордасы аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өткен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы аудандағы қылмыстық жайларға арналды.
Шараға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері қатысты. Отырысты Бөкей ордасы аудан әкімінің орынбасары Р.М.Зұлқашев жүргізді. Аудандық прокуратураның аға прокуроры Р.Р.Шәкіржановтың 2015 жылдың қорытындылары мен ағымдағы жылдың өткен мерзімдеріндегі ауданымыздағы криминалдық жағдай туралы баяндамасын аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Ғ.А.Әбілқайыров пен аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Е.Ш.Жоралиев толықтырды.
Былтырғыға қарағанда биыл қылмыс азайған. 2015 жылы 125, 2016 жылы 89 қылмыс тіркеліпті. Оның 39-ы, яғни, 43,8 пайызы ұрлық. Негізінен, мал ұрлығы. Күн тәртібіндегі мәселеге орай Ұялы ауылдық округі әкімі Б.Оразғұлов, Т.Масин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.Мұшақаев, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция полковнигі А.Алдабергенов өз ойларын ортаға салды.
Отырысты қорытындылаған аудан прокуроры Нартай Елібайұлы қылмыстың себептерін саралап, тәрбие, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру, жұмыссыздықты азайту, қырағылықты арттыру, дүкендерге бейнекамералар орнату қажеттігін атап өтті.
К.ДӘУЛЕТӘЛИЕВ
Бөкей ордасы ауданы
www.zhaikpress.kz