Облыс əкімі Алтай Көлгінов Ақсай қаласында жаңа жылыту қазандықтарын салынып жатқан құрылыс нысанында болды.
Бұл жоба желтоқсанда аяқталады. Əрқайсысының қуаты 10 МВт болатын төрт жылыту қазандығының игілігін 4-ші жəне 5-ші шағын аудандардың тұрғындары көрмек. Бұрынғы жылыту жүйесі қосымша қорда тұрады.
"КаzConctructionGroup" ЖШС-ның директоры Мұратбек Мұхамбетиев қазандықтар орнатылғанын, енді қажетті бөлшектерді құрастыру қолға алынғанын айтты. Алдағы уақытта бұл нысанда 80-ге тарта адам жұмыс істемек.
Нұртай Текебаев