Зеленов ауданындағы су құбырларының ұзындығы 148,2 км құрайды. Орталықтандырылған су құбырымен 28 елді мекен немесе 5039 аула қамтылған, бұл 41,2% құрайды.
Шахталық құдық суын 37 елді мекен (54,4%) пайдаланады. Халық саны 482 адам құрайтын 3 елді мекенге ауыз су тасымалданады, бұл 4,4% құрайды.
Қазіргі уақытта Переметный ауылының Чапаев көшесіне жалпы ұзындығы 150 метрді құрайтын су құбыры өткізілді. Аталған су құбырын өткізуге жергілікті бюджеттен 1,1 млн.теңге бөлінді.
Зеленов аудандық
«Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газеті