23.02.2018, 10:51
Оқылды: 24

40 жылдан кейін жөндеу жүргізілген бөбекжайда болды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов Жалпақтал ауылындағы жаңарған «Ертегі» бөбекжайында болды.

«Ертегі» бөбекжайына 40 жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізілді. Облыстық бюджеттен 96 млн.теңге қаржы бөлініп, былтырғы жылдың күз айында жаңа кейіпке енген бөбекжай бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Бүгінде бұл мектепке дейінгі білім беру ұйымында 19 педагог, 140 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Сапалы жүргізілген бөбекжайды аралаған астаналық қонақ Замир Садықұлы тәрбиешілермен кездесіп, бөбекжайды аралады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале